Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жемқорлық туралы хабарлағандарға 2,6 млн теңге берілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысында сыбайлас жемқорлық дерегін хабарлағандарға 2 миллион 600 мың теңге берілген деп хабарлайды Қазақпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың мәліметінше, өткен жыл мен биылғы бірінші тоқсанда дәлелденген сыбайлас демқорлық дерегі үшін 15 адамға 2 миллин 600 мың теңге көлемінде ынталандыру қаржысы берілген.

"Мысалы, осы жылдың 22 наурызында сағат 16:45-те сенім телефоны арқылы Атырау теміржол стансасында желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің бекіре тұқымдас балықтарды әкету дерегімен қылмыстық жауапкершілікке тартпай үшін 50 мың теңге көлемінде пара талап еткені туралы хабар түсті. Сол күні осы дерекке байланысты екі полиция қызметкері қолға түсті. Кейін тәртіп сақшылары сотталды. Ал хабар берген адамға 70 АЕК немесе 204 мың 190 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы берілді", - деді Айдос Мамыт.

Оның сөзінше, өткен жылы сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлағаны үшін 11 адам 1,8 миллион теңгеден астам қаржылай сыйақы алған. Ағымдағы жылдың үш айында өңірдегі осындай хабарламалар үшін 4 адам жалпы сомасы 700 мың теңгеден астам сыйақыға ие болған.

"Өткен жылдың қорытындысымен Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық дерегі полиция, денсаулық сақтау, білім беру және құрылыс органдарында анықталды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912234-atyrau-oblysynda-zemqorlyq-turaly-xabarlagandarga-26-million-tenge-berildi/

pixel