Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда жұмбақ жағдайда көз жұмған бойжеткеннің денесі елге жеткізілді (видео)

Опубликовано:

Әселдің мәйітін әкелу сәті
Кадр: "Астана" арнасы

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның денесі 12 мамыр күні елге жеткізілді. Бүгін, 13 мамырда ол жер қойнына тапсырылады. Қызының денесін анасы Айсұлу Айтпаева өзі барып, алып келген деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Бойжеткеннің анасы кінәлілердің тиісті жаза алғанын қалайды. Қызды өзге елге шақырып, жұмысқа тұрғызбақшы болған күйеу баласын да жауапқа тартуды сұрап отыр.

"Мен бәрібір Мұратты қайта Грузияға депортациялауды талап етемін. Өйткені, бүкіл оқиға сол жерде болды. Осы жерде тергеу жүргізілгені дұрыс. Өйткені, ол менің қызымды бөтен елге алып кетті. Өзі қашқандай болып, қайтып келді. Оған өзімнің туғанымдай сендім. Сондықтан, мен бұл істі соңына дейін жеткіземін", - дейді Әселдің анасы Айсұлу Айтпаева.

Қайғылы оқиғаға қатысты Грузия азаматы Тордуа Бесо күдікті ретінде қамауға алынған болатын. Алайда оның адвокаты Шукакидзе мәлімдеме жасап, айыпталушының кінәсінің жоқ екенін айтты.

"Тіпті Әсел Айтпаева мен Бесо үйленбекші болғанын" алға тартып отыр. Айтуынша, екеуінің арақатынасы өте жақсы болған.

Л. Қуанышқызы

Еске салсақ, 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның Тбилисиде қайтыс болғаны 5 мамырда белгілі болды. Қыздың денесі үйдің терезелерінің алдынан табылды.

Кейінірек құқық қорғау органдары қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермелеген деген күдіктіні ұстағаны белгілі болды. Ол сотқа дейін қамауда болады.

Желіде марқұм мен күдіктінің арасындағы сөйлесудің жазбасы пайда болды. Жазбада ер адамның қызға қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын естуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912236-gruziyada-zumbaq-zagdaida-koz-zumgan-boizetkennin-denesi-elge-zetkizildi-video/

pixel