Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: Жүргізуші апат орнынан қашып кетті

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik/Стрингер

Алматыда Жандосов көшесінде жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды. Ал кінәлі жүргізуші оқиға болған жерден қашып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, Nissan Cefirо жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Береке көшесіне жетпей, белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Rav4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.   

Toyota қатты соққы салдарынан жолдың шетіне шығып кетеді. Сонымен қатар, Nissan Cefiro да бұрылып кетіп, Toyota Surf көлігін соқты.

Жол апатынан Toyota Rav4 жүргізушісінің жарақат алғаны айтылды. Ол ауруханаға жеткізілген.

Ал Nissan Cefiro жүргізушісі апат орнынан жаяу қашып кеткен.

Қазіргі уақытта жол апаты орын алған жерде полицейлер мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.   

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 15 жастағы қыз жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған едік.

Полицияның мәліметінше, Audi A6 көлігінің 39 жастағы жүргізушісі мас күйде жолдың ортасында тұрған 15 жастағы қызды қағып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912242-almatyda-eki-kolik-betpe-bet-soqtygysty-zurgizusi-apat-ornynan-qasyp-ketti/

pixel