RU

Қарағандыда әкімдік ғимаратынан құлап, мерт болған азаматқа қатысты жаңа дерек шықты

Терезе
Терезе маңындағы ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыда жұмыскердің әкімдік ғимаратынан құлап кетіп, көз жұмуына қатысты облыстық еңбек инспекциясы тексеріс жүргізді деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Облыстық еңбек инспекциясының тексерісінен кейін қайғылы жағдайға жұмыс беруші тараптың да кінәлі болуы мүмкін екені анықталып отыр. Нақтырақ айтқанда, жұмыс үдерісі дұрыс ұйымдастырылмағаны анықталған. Бұл жерде марқұм да абайсыздық жасауы мүмкін дейді мамандар. Тексеріс қорытындысы полицияға жолданған.

Еске салсақ, 19 сәуір күні қала әкімдігі ғимаратының 4-і қабатынан 37 жастағы жұмысшы құлап, мерт болған еді.

"Жұмыс өндіруші тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы, жұмыс өндірісінің бұрыс ұйымдастырылуы, зардап шегушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтауға қатысты нұсқаулықтарды сақтамағанын білдіретін өрескел абайсыздығы белгілі болды. Арнайы тергеу аяқталғаннан кейін Қазақстанның еңбек туралы заңына сәйкес тексеріс қорытындысы тиісті шаралар қабылдау үшін аумақтық полицияға жіберілді", - дейді облыстық еңбек инспекциясы басқарманың ресми өкілі Айзада Жұмабекова.

Айта кетсек, бұған дейін Қарағандыда "АрселорМиттал Темиртау" АҚ Қазақстандық шахтасындағы кен қызметкерінің бірінің өкшесін вентилятордың қалақтары жұлып әкетіп, ер адам аяқтың ашық жарақатымен ауруханаға түсіп қалғаны туралы жазған едік.

Кейін оқыс оқиғаға қатысты Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасы түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912245-qaragandyda-akimdik-gimaratynan-qulap-mert-bolgan-azamatqa-qatysty-zana-derek-syqty/