Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда КВИ белгілері бар пневмониямен ауырған науқастардың күрт өсуі тіркелді

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Қазақстанда екі күн бұрын, 11 мамырда 173 адамға Қазақстанда КВИ белгілері пневмония диагнозы қойылды. Бұндай деректерді денсаулық сақтау министрлігі Telegram-арнасында жария етті. Ал мамырдың оныншы жұлдызы күні көрсеткіш небәрі 13-ті құраған.

11 мамырдағы жағдай бойынша, 173 қазақстандықтан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды.

Сонымен қатар, осы аралықта бес азамат аурудың асқынуынан көз жұмды.

Одан бөлек коронавирус бойынша да деректер өзгерді. Өткен тәулікте инфекцияның 2283 жағдайы расталып отыр. Ал 11 мамырда қауіпті дерт 20 адамның өмірін жалмады.

13 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 626 адам коронавирус инфекциясынан (39 143 КВИ+ және 483 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 124 пациент стационарда, 25 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 788 адамның жағдайы ауыр,
  • 183 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 116 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912256-qazaqstanda-kvi-belgileri-bar-pnevmoniyamen-auyrgan-nauqastardyn-kurt-osui-tirkeldi/

pixel