RU

Бас бостандығы шектелген Бақауов парақшасында кезекті жазбасын жариялады

Сотталған экс-әкім Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов өзінің Instagram парақшасында кезекті жазба жариялады. Экс-шенеунік қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінгі таң өте ерекше. Айлардың сұлтаны Рамазаннан кейін қасиетті Айт мейрамы келіп жетті. Бұл күн ақ ниет пен мейірімділіктің, ізгілік пен адамгершіліктің мерекесі. Бір-біріне бауырмал, көршісіне кеңпейіл халықтың дархан көңілі шаттықа бөленуде.
Қасиетті айда ұстаған Ораза қабыл болып, барлық армандарыңыз орындалсын. Ел арасына алауыздық түспей, іргеміз берік болсын.
Келер жылдың Оразасына бәріміз аман-есен жетіп, жақсы күндерде жолығайық. Мамыражай мамыр айындағы әр мереке бақ-береке әкелсін. Бәріңізге амандық тілеймін", - деп жазған Бақауов.

Айта кетейік, Болат Бақауов бұған дейін қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаған болатын.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған қатысты пікір білдіріп, 15 қаңтарда аймақ басшысына қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Біраз уақыттан кейін экс-әкімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол үйқамаққа ауыстырылған еді. Бұған Болат Жұмабекұлының денсаулығының нашарлауы себеп болған.

Сонымен бірге, 2020 жылдың мамыр айында сот үкімі шығып, Болат Боқауовтың 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланағанын мойындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912290-bas-bostandygy-sektelgen-baqauov-paraqsasynda-kezekti-zazbasyn-zariyalady/