Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар өзгеге вирус жұқтыруы мүмкін бе

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар инфекция тасымалдаушы болып табылатындықтан, неғұрлым қатаң санитарлық талаптарды сақтауы керек деген идеяны талқылауда. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын stopfake.kz сайты анықтауға тырысты.

Кей Қазнет қолданушыларының пікірінше, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар барлық жерде міндетті түрде бетперде тағып жүруі керек, ал басқа адамдарға маска тағу талап емес, тек ұсыныс болып табылады. Басылым бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

Еліміздегі қоғамдық орындарда 5 жасқа дейінгі балалар мен медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқасының бәрі бетперде тағуға міндетті.

"Шетелдік ғалымдардың алдын ала мәліметтері бойынша, ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін халықтың кемінде 60%-ын вакцинациялау қажет. Осыған байланысты шектеу шараларын толық алып тастау, оның ішінде КВИ-ге қарсы екпе салдырғандар үшін бетперде тағу режимін алып тастау мәселесі әзірге қаралып жатқан жоқ", – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, ол КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен адамдар үшін Қазақстанда бірқатар жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті.

Мәселен, елімізге шетелден ПТР-талдаусыз келу мүмкіндігі, жетім балалармен кездесу үшін әлеуетті ата-аналардың балалар үйлері мен сәбилер үйлеріне баруы және ПТР талдаусыз пациенттерді жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу.

COVID-19 қарсы вакцина салдырғаннан кейін ол адамның басқаларға індет жұқтыруы мүмкін екендігі туралы мәлімет те шындыққа жанаспайды.

COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдар үшін санитарлық талаптардың күшейтілуі туралы хабарламалар негізсіз болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912305-covid-19-ga-qarsy-vakcina-saldyrgandar-ozgege-virus-zuqtyruy-mumkin-be/

pixel