Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банкетте ән салған Ақтөбе облысының бас дәрігері жауапқа тартылды

Опубликовано:

шенділер
Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Ақтөбеде өткен брифингте өңірдің бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева карантиндік шектеу шараларын бұзғаны үшін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың жауапқа тартылғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қоғамдық тамақтану орнында мерекелік іс-шара өткізгені үшін Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 43 мың теңге сомасында айыппұл салынды", - дейді Нұрсұлу Беркімбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың көңілді кеште ән салып тұрған видеосы қызу талқыға түскен еді.

Видео желідегілердің шамына тиген. Көпшілік қатаң шектеу шаралары енгізілсе де, санитарлық талапты өздері бұзған ақ халаттыларды сынға алған.

Желіде тараған видеоға Рүстем Исаев пікір білдірді. Айтуынша, видеодағы ер адам өзі. Алайда ол карантинді бұзбағанын атап өтті.

"Иә, бұл 5 наурыз күні болған. Ұжыммен бірге 20 адам болып әйелдер қауымын мерекемен құттықтадық. Ән айттым. Біз ол кезде "жасыл" аймақта едік. Карантин талаптарын бұзу болған жоқ, іс-шара бекітілген талаптарды сақтай отырып өтті", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетсек, осыған дейін Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова мен облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Сұлупан Шынтасованың ауызашарда отырған видеосы тараған еді.

Кейін олар бұл әрекеті үшін кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912345-bankette-an-salgan-aqtobe-oblysyny-bas-darigeri-zauapqa-tartyldy/

pixel