Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім кепілдік беремін": Бағдат Мусин Ashyq қосымшасына енгізілетін жеке мәліметтер туралы айтты

Опубликовано:

Бағдат Мусин
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

ЦДИАӨМ басшысы тұрғындарға есеп беру кездесуінде Ashyq қосымшасына енгізілетін қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің қорғалғанын айтты. Осыған байланысты ол деректердің жарияланып кету мүмкіндігін жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдат Мусин Ashyq жобасының мән-жайын түсіндірді. Оның сөзінше, бұл жоба бизнестің жұмыс істеуіне, тұрғындардың дүкендерге, сұлулық салондары мен басқа да шағын және орта бизнес нысандарына баруына мүмкіндік береді.

"Бұл шектеуден гөрі мүмкіндік - егер оны алып тастасақ, онда ел "қызыл" аймаққа кіреді, санитар дәрігерлердің қайтадан бәрін жабуына тура келеді. Ешқандай ақпарат таралып кетпейді. Мен бұған өзім кепілдік бере аламын. Біз жеке мәліметтерді ешқайда бермейміз.
Олар "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ серверлерінде орналасқан әрі "Киберқалқаны" аясында қорғалған және біз ешқашан бұл деректерді басқа мемлекеттік органдарға бермейміз.
Сол себепті мен мұның шағын және орта бизнестің жұмыс істеуі үшін үлкен мүмкіндік екенін және адамдардың пандемияға дейін барып үйренген сауда орындары мен бизнес нүктелеріне кіруіне мүмкіндік екенін айтқым келеді", - дейді министр.

Оның сөзінше, бизнес нысандары өз кәсібінде қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін аталған қосымшаны орнатуға мәжбүр.

"Бүгінде осы қосымшаның арқасында үйде отыруы тиіс, ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен мыңға жуық адам анықталды. Олар қоғамдық орындарға кіруге тырысқан. Бұл аталған қосымшаның тиімділін көрсетеді. Яғни, бұл мың адам қандай да бір қоғамдық нысанға кіруі мүмкін еді. Ал ол жерде жүздеген адам жүргендіктен осы адамдардың ауру жұқтыру қаупі туындайды", - дейді Бағдат Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912351-ozim-kepildik-beremin-bagdat-musin-ashyq-qosymsasyna-engiziletin-zeke-malimetter-turaly-aitty/

pixel