Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог қалаған асыңызды ішіп, семірмеудің жолын айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Австралиялық диетолог Лиэнн Уорд жазғы демалыста диета ұстамай-ақ семіздіктен арылудың, оған қоса артық салмақ қоспаудың жолын айтты. Бұл туралы Lenta.ru жазады.

Уордтың айтуынша, бірнеше қарапайым ережелер бар, қағидалар бойынша өзіңізді ештеңеден шектемеуге болады деп сендіреді. Ережелердің біріне сәйкес, кез келген тағамның жартысы көкөністер мен шөптер, төрттен бірі – көмірсулар, ал қалғандары – ақуыз болуы керек.

Сарапшы алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланбауға кеңес береді.

"Егер сіз алкогольдік сусынға тапсырыс бергіңіз келсе, ішімдік ішіп қана қоймай, әр жұтымды мейірленіп ішіңіз, өйткені алкоголь өте жоғары калориялы", – деп түсіндіреді ол.

Сондай-ақ, диетологтың айтуы бойынша, сіз толыққанды тамақтанбауыңыз керек.

"Сіз бір күнде ештеңені өзгертіп, бүлдіре қоймайсыз, бірақ асқа тойып алғаннан гөрі асқазаныңызды шамамен 80 пайызға толтырып, тоқтауды әдетке айналдырғаныңыз абзал", – дейді ол.

Еске салсақ, ұлттық диетологтар қоғамының нутрициологы Ольга Деккер жұмыртқаны дайындаудың ең тиімді әдісін атаған еді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазған болатын.

Диетолог ДДСҰ-ның тәулігіне немесе аптасына неше жұмыртқа тұтынуға болатынына қатысты ешқандай шектеулер қоймағанын айтады. Десе де, маман килокалория тұрғысынан алғанда нормадан аспаған абзал деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912357-dietolog-qalagan-asynyzdy-isip-semirmeudin-zolyn-aitty/

pixel