Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде әлдекімдер белгілі қазақ ғалымының қабіріндегі көктасты қиратып кеткен

Опубликовано:

Сынған көктас
Фото: arnapress.kz

Семейде әлдекімдер белгілі ғалым, абайтанушы, Қазақ КСР гимнінің авторы Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын қиратқан деп хабарлайды Arnapress.kz.

Оқиғаны ғалымның қызы Дина Мұхамедхан хабарлады.

"Жақында марқұмның туыстары, оқушылар мен таныстары Қайым Мұхамедхановтың қабіріне барған, бұл олар үшін тағы бір соққы болған. Төзімді әрі шыдамды габбро материалдарынан жасалған көктас сындырылған, оған қоса қабірдің мәрмәр тірегі қираған", – деді ол.

Басылым жазғандай, бұл ғалымға арналған ескерткіштерге жасалған алғашқы бұзақылық әрекет емес. Осындай жағдайлар 2011 және 2017 жылдары болған, қылмыстардың ешқайсысы ашылмаған. Осы арада оқиғаға полиция түсініктеме берді.

"Біз қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргіземіз", – деді Семей полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Қайым Мұхамедханов – ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы,  текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері.

Қазақ КСР гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей, Аягөз қаласының, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; 1000-нан аса ғылыми еңбектің авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912371-semeide-aldekimder-belgili-qazaq-galymynyn-qabirindegi-koktasty-qiratyp-ketken/

pixel