Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тротуарға шығып кеткен көлік бірнеше адамды қағып кетті (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: Sputnik / Стрингер

Бүгін, 13 мамырда Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды. Соққыдан кейін көлік бірнеше жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Үш адам жарақат алды.

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, жол апаты Жангелдин-Баянауыл көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi автокөлігі Баянауыл көшесінің бойымен жүріп келе жатып, бағдаршамның жасыл түсіне өтіп, қиылысқа шығады. Осы кезде автобус бағдаршамның қызыл түсі жанғанда маневр жасаған, автобус артынан Lada Granta таксиі келе жатқан.

Такси көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, қиылысқа жеткені атап өтілді.

Mitsubishi жүргізушісі тежегішті басуға үлгермей, Lada Granta автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан екінші көлік айналып, тротуарға шығып кетеді, сол кезде онда бірнеше адам болған, деп жазады басылым.

Оқиға орны
Фото: Sputnik / Стрингер

Lada Granta соққан бір жаяу жүргінші арыққа құлаған. Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Lada Granta автокөлігінің екі жолаушысы да ауруханаға жеткізілді.

NUR.KZ тілшісі осы жайтқа байланысты Алматы полиция департаментінен ресми түсініктеме сұрады.

Оқиға орны
Фото: Sputnik / Стрингер

Еске салсақ, Алматыда Жандосов көшесінде жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алған еді. Ал кінәлі жүргізуші оқиға болған жерден қашып кеткені туралы жазған едік.

Nissan Cefirо жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Береке көшесіне жетпей, белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Rav4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912407-almatyda-tratuarga-sygyp-ketken-kolik-birnese-adamdy-qagyp-ketti-foto/

pixel