Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең ірі есірткі партиясы ісі бойынша сотталушыларға үкім шығарылды

Опубликовано:

Сот залы
Фото: NUR.KZ

Бүгін Оралда Қазақстандағы ең ірі есірткі партиясын өндірді және сатты деп айыпталған Украинаның екі азаматына сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залынан.

Игорь Дунаевский мен Виталий Малюк 19 және 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Игорь Дунаевский мен Виталий Малюк қылмыстық кодекстің 297-бабында (Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен есірткі заттарын сату немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Қылмыстық кодекстің 264-бабы (Трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу) бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Жазаларды жинақтап қосу арқылы қатаң режимдегі колонияда Игорь Дунаевскийге 19 жыл, Виталий Малюкке 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын", – деп судья Бақыт Ермаханов үкім оқыды.

Қылмыстық кодекстің 301-бабына сәйкес, "Улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды өндіру немесе өңдеу үшін пайдаланылатын заттарды, құралдарды немесе жабдықтарды заңсыз айналымы" бойынша сот айыпталушыларды да ақтады.

Сот сонымен бірге сотталушылардың мүлкінің тағдырын анықтады. Toyota Land Cruiser және Ford Transit көліктері, сондай-ақ наркологиялық зертхана орналасқан Ақсуат ауылындағы үй, олардың жеке шоттарындағы ақша мемлекет кірісіне айналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912415-qazaqstandagy-en-iri-esirtki-partiyasy-isi-boiynsa-sottalusylarga-ukim-sygaryldy/

pixel