Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаскөйлер бірнеше банкоматты бұзып, ақша ұрлаған

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда полицейлер әртүрлі банктердің банкоматын тонаған күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қаскөйлер түнгі уақытта ұрлыққа түскен.

"Олар бұзу арқылы әртүрлі банктердің терминалын сындырып, кассетны шығарып, ақшаны алып, содан кейін ұяшықты қайтадан салып қойып отырған. Олар өздерінің соңғы қылмысы кезінде терминалдан 160 мың теңгеден астам ақша ұрлаған", - дейді полицейлер.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, осы іс бойынша төрт күдікті қолға түскен. Олар төрт ұқсас ұрлыққа қатысты куәлік беріп, айыптарын мойындаған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912427-almatyda-qaskoiler-birnese-bankomatty-buzyp-aqsa-urlagan/

pixel