RU

Шымкентте үйінде қайтыс болған тұрғынның мәйітін иті кеміріп тастаған

Ит
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте 1958 жылы туған жергілікті тұрғынның денесі өз үйінің ауласынан табылды. Мәйітті пәтердегі ит кеміре бастаған деп жазады otyrar.kz.

5 мамыр күні сағат 12:50 шамасында Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан "үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды" деген хабарлама келіп түсті.

Оқиға болған жерде жедел тергеу тобы мұқият тексеру жүргізді.

Марқұмның кім екендігі анықталды. Ол 1958 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

Ер адамның үйде жалғыз тұрғаны әрі ит асырағаны белгілі болып отыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң, әбден ашыққан иті иесінің мәйітін жей бастаған.

Сотқа дейінгі тергеу аясында ер адамның өлімінің себептерін анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Тексерулерден кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында белгісіз жануардан бүтін бір ауылдың үрейі ұшып отырғаны туралы жазған едік. 22 сәуір күні түнде жұмбақ жыртқыш бір үйдің 13 бас қойының тамағын орып кеткен.

Мұндай жағдай Түрксіб ауылында бұған дейін де болған. Уақ мал түгілі, ірі қараның өзіне шабуыл жасалған. Бәрін тамақтаған ит пе, итқұс па, белгісіз. Не болса да жемтігін ермекке өлтірген тәрізді.

Бар малының үштен бір бөлігінен айрылған ауыл тұрғыны жыларман күйде. Былтыр да алты бас қойын қырып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912456-symkentte-uiinde-qaitys-bolgan-turgynnyn-maiitin-iti-kemirip-tastagan/