Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда Есіл өзенінің бір бөлігі 15 млн теңгеге сатылымға шығарылды

Опубликовано:

Өзен
Видеодан кадр: Хабар 24

Петропавлда Есіл өзенінің бір бөлігі 15 млн теңгеге сатылымға шығарылды. Желіде пайда болған хабарландыру тұрғындардың ашуына тиген. Жағдайға қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді деп хабарлайды Хабар 24.

50 сотық жер учаскесі көптен бері жекенің қолында болғаны анықталды. Жылжымайтын мүлік объектісі гидротехникалық ғимаратқа жақын жерде орналасқан. Сондай-ақ мұнда адамдардың табиғатты тамашалауына мүмкіндік беретін алаңқай бар.

Аумақтың барлығы су қорғау аймағына жатады. Сондықтан адамдарда жерді жеке меншікке қалай беруге болады деген сұрақ туындаған. Жағдайға қатысты Петропавл қаласының әкімдігі пікір білдірді.

Әкім орынбасары Асқар Хабибулиннің сөзінше, бұл учаске 2006 жылы қала басшысының жарлығымен берілген. Алайда 2019 жылдың қазан айында жерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін жер инспекциясына тексеру үшін материалдар жіберілген.

"Аталған учаске жалпы алғанда құрылысқа берілген, бірақ бас жоспарға сәйкес онда су қорғау аймағы бар, яғни онда құрылыс жүргізу мүмкін емес", - дейді Асқар Хабибулин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда медициналық колледж 1,1 млрд теңгеге сатылымға шығарылғанын жазған едік.

"Медициналық колледж сенімгерлік басқаруға көшеді, ал оқу орнының негізгі қызметі қалады. Бұл студенттерге ешқандай әсер етпейді, колледж бюджеттік білім беру жүйесіне қатысады", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Қалыбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912498-petropavlda-esil-ozeninin-bir-boligi-15-mln-tengege-satylymga-sygaryldy/

pixel