Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

60 млн теңге пара алған: Ақтөбеде жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкер сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкерге сот үкімі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" және "Пара алу" баптарымен іс қаралған.

Іс материалына сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің аға офицері 2019 жылы серіктестік иесін пара беруге көндіріп, оның 60 миллион теңгесін иемденген. Ақшаны алған қызметкер салық пен оның өсімпұлды төмендетуге келіскен.

Сотталушы М-ның кінәсі жәбірленуші, куәгер және тергеу хаттамасы, сот сараптамасы мен жедел-тергеу жұмысы кезінде дәлелденген.

"Сот М-ны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді. Өмір бойы мемлекеттік органда жұмыс істей алмайды. Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді", - деп хабарлады облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынының баспасөз қызметі.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Атырау облысында сыбайлас жемқорлық дерегін хабарлағандарға 2 миллион 600 мың теңге берілгенін жазған едік.

Өткен жылы сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлағаны үшін 11 адам 1,8 миллион теңгеден астам қаржылай сыйақы алған. Ағымдағы жылдың үш айында өңірдегі осындай хабарламалар үшін 4 адам жалпы сомасы 700 мың теңгеден астам сыйақыға ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912513-aqtobede-zemqorlyqpen-kuresip-zurgen-qyzmetker-60-mln-tenge-para-algany-usin-sottaldy/

pixel