Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазандағы мектепте жас жігіттің алғаш оқ атқан сәтінен видео жария болды

Опубликовано:

Күдікті
Кадр: Telegram / Baza

Қазандағы мектептердің бірінде жас жігіттің оқ жаудыра бастаған сәтінен видео желіде жария болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеоны Baza атты Telegram-канал жария етті. Одан қара киім киген жас жігіттің қаруды дәл мектептің алдында тұрған оқушылардың біріне кезеп, оқ жаудыра бастағанын байқауға болады.

Бірден қаша жөнелген қыз бала ғажайыптың күшімен бұл жайттан аман шыққан. Жігіт артынша мектепке кіріп, адамдарға оқ атуын жалғастырған.

Тағы бір видеода жігіттің мектепке дейін қару асынып төрт жүз метр қашықтықты жаяу жүріп өткенін байқауға болады. Сол аралықта оны кем дегенде алты адам байқапты, тіпті онымен алыстан амандасқандары да бар. Алайда олардың ешқайсысы жігіттің қарумен жүргені туралы полицияға хабар беруді жөн санамаған.

Еске салсақ, 11 мамыр күні Ресейдің Қазан қаласындағы мектепте атыс болды. Салдарынан 7 мектеп оқушысы мен екі мұғалім көз жұмып, тағы 20 адам жарақат алған. Одан бөлек, жарақат алған 6 бала ауыр жағдайда ауруханада жатқаны хабарланды.

Оларға оқ атқан осы мектептің он тоғыз жасар түлегі болып шыққан. Күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Кейін жігіт жауап алу кезінде адамдарды өлтіргеніне еш өкінбейтінін әрі бұл әрекетін дұрыс деп санайтынын айтқаны белгілі болды.

Татарстан басшысы 12 мамырды аза тұту күні деп жариялады.

Сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путин мектептегі атыс кезінде зардап шеккен балаларға барлық медициналық көмекті көрсетуге тапсырма бергені хабарланды. Қазанға психологтардан құралған төтенше жағдайлар министрлігінің борты жіберілген.

Ескерту: 18 жасқа толмағандарға, аяғы ауыр әйелдер мен психикасы әлсіз жандарға видеоны көру ұсынылмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912523-qazandagy-mektepte-zas-zigittin-algas-oq-atqan-satinen-video-zariya-boldy-video/

pixel