Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде көпір астынан жоғалып кеткен жас жігіттің денесі табылды

Опубликовано:

Көпір
Фото: twitter.com/KhabarTV

13 мамырда әлеуметтік желіде Семейдегі көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Ер адамның кім екені анықталды. Ол 10 мамыр күні жоғалып кеткен қаланың 21 жастағы тұрғыны болып шыққан. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті болған жайтқа қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еріктілердің хабарлауынша, Арман Мухалиев 10 мамыр күні таңғы 5-те Семейдегі үйінен шығып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмепті.

Үш күннен кейін әлеуметтік желіде көпірдің астынан жас жігіттің денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болған. Мүрде жоғалып кеткен жігітке тиесілі болып шыққан.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 13 мамырда Затонский полиция бөлімі Семей қаласының тұрғынының мәйітінің табылуына қатысты тергеу бастағанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда полицейлер мен еріктілер 38 жастағы ер адамға іздеу жариялаған еді.

Вячеслав Владимирович Пономаренконың бойы 175-176 см шамасында, арықша келген, қой көзді, оң қолында екі саусағының жоғары буыны жоқ және қарнында отаның тыртығы бар. Сол күні басында қара бейсболка, қара күртеше, көк джинсы шалбар, аяғында сандал болған.

Айта кетсек, өткен жылдың ақпан айынан бері іздеуде жүрген Қостанай облысының 46 жастағы тұрғыны Ресейдің Набережные Челны қаласынан табылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912526-semeide-kopir-astynan-zogalyp-ketken-zas-zigittin-denesi-tabyldy/

pixel