Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада көп қабатты үй өртеніп, 14 адам эвакуацияланды

Опубликовано:

өрт сөндіру қызметі
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қызылордада көп қабатты үйде болған өртте 13 адам қауіпсіз жерге шығарылып, өздігінен жүре алмайтын 1 адам құтқарылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 14 мамырда сағат 10.58-де орын алды. Сол уақытта Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. Онда облыс орталығындағы Абай даңғылы бойындағы №48 үйдің бесінші қабатындағы екі пәтердің балконы жанып жатқаны жөнінде айтылған.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетті. Барлау жұмыстарынығ нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және біріккен іс-қимылының нәтижесінде жоғарғы қабаттан барлығы 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 2-і бала. Сондай-ақ, өрттен өздігінен жүре алмайтын бір азаматша құтқарылды. Өрт сағат 11.10-де оқшауланып, 11.18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда" , - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912575-qyzylordada-kop-qabatty-ui-ortenip-14-adam-evakuaciyalandy/

pixel