Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма

Опубликовано:

фото
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға қоғамдық орындарда медициналық маскасыз жүруге бола ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде вакцина салдырғанын айғақтайтын құжат көрсеткен жағдайда бетперде тақпай жүруге болатыны туралы ақпарат пайда болды.

"Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы қажет. Ол – бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел азаматтарының 60 пайызы вакцина салдырған жағдайда маска режимін тоқтату мәселесін қарастыруға болатынын .

2021 жылдың 14 мамырындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 1 790 356 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны – 722 504 адам.

Еске салсақ, бұған дейін өткен тәулікте қанша қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болғанын жазған едік.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың 21-ші күні Sputnik V вакцинасының екінші компонентін салдыра алмағандарына шағымданып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салудан бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер мұны еш қиындықсыз жасай алатынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912588-vakcina-saldyrgandarga-maska-taqpai-zuruge-bola-ma/

pixel