Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 мамырдан бастап Алматы әуежайына жолаушылар Ashyq бойынша кіреді

Опубликовано:

QR код
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 21 мамырдан бастап әуежайға кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады деп хабарлайды zakon.kz.

16 мамырдан бастап жүйе тестілік режимде қолданылады. Әуежайдың QR коды терминалдың кіреберісінің алдында қойылады.

"Сары" және "қызыл" мәртебесі бар келушілер терминал ғимаратына кіргізілмейді", – деп хабарлады әуежайда.

Шетел азаматтары мәртебесін тексеру үшін кіреберісте төлқұжатын көрсетуі керек.

Еске салсақ, ЦДИАӨМ басшысы тұрғындарға есеп беру кездесуінде Ashyq қосымшасына енгізілетін қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің қорғалғанын айтты. Осыған байланысты ол деректердің жарияланып кету мүмкіндігін жоққа шығарған еді.

Оған қоса, Бағдат Мусин Ashyq жобасының мән-жайын түсіндірді. Оның сөзінше, бұл жоба бизнестің жұмыс істеуіне, тұрғындардың дүкендерге, сұлулық салондары мен басқа да шағын және орта бизнес нысандарына баруына мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, Ashyq жобасын іске асырудың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай қызметкерлері "сары" және "қызыл" мәртебесі бар жолаушыларды анықтаған болатын.

Сонымен қатар, Ashyq қосымшасында жасыл түсті мәртебесі бар азаматтар шетелден келген жағдайда да ПТР-тест тапсырмауына болатыны туралы хабарлаған едік.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912599-21-mamyrdan-bastap-almaty-auezaiyna-zolausylar-ashyq-boiynsa-kiredi/

pixel