RU

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазастанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған адамдардың санына қатысты ресми мәліметтерді Coronavirus2020.kz telegram-каналы назарға ұсынды.

Елімізде өткен тәулікте 2505 адамның коронавирусты жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 440

Алматы қаласы - 585

Шымкент қаласы - 102

Ақмола облысы - 147

Ақтөбе облысы - 90

Алматы облысы - 202

Атырау облысы - 80

Шығыс Қазақстан облысы - 94

Жамбыл облысы - 32

Батыс Қазақстан облысы - 106

Қарағанды облысы - 355

Қостанай облысы - 28

Қызылорда облысы - 41

Маңғыстау облысы - 40

Павлодар облысы - 98

Солтүстік Қазақстан облысы - 24

Түркістан облысы - 41

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 355645.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың 21-ші күні Sputnik V вакцинасының екінші компонентін салдыра алмағандарына шағымданып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салудан бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер мұны еш қиындықсыз жасай алатынын алға тартты.

Одан бөлек, Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирус салдарынан адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы бір жарым-екі жылға қысқарып жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912640-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/