Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн жылынады: Синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

15-17 мамырға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Еліміздің көптеген аймағында Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен бұлтты және құрғақ ауа райы сақталады. Сондай-ақ, республиканың солтүстік жартысында түнде температуралық фонның 8-16-ға дейін, күндіз 25-33-ке дейін, Батыс және оңтүстік аймақтарда түнде 12-20-ға дейін, күндіз 28-36-ға дейін көтерілуі болжануда.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

15 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта үсік жүретіндіктен, топырақ беті 1 градусқа дейін қатуы ықтимал.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланған еді. Синоптиктердің мәліметінше, 15-16 мамырда күндіз Жамбыл облысында кей жерде найзағай ойнайды, кей жерде солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с, 16 мамырда екпіні 23-28 м/с болады.

Одан бөлек, синоптиктер мамыр айына арналған ауа райын болжамын ұсынған болатын.

"Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде күн жылынып, солтүстік аймақтарда нағыз жазғы ыстық күн райы келеді, күндіз күн +25+33 градусқа дейін, ал оңтүстікте - +30+38 градусқа дейін ысиды", - дейді синоптиктер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912642-kun-zylynady-sinoptikter-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel