COVID-19: Соңғы тәулікте дерттен жазылып, үйіне жіберілгендердің саны жария болды
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте 2669 адам коронавирус дертінен жазылып шықты деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша жазылғандардың саны келесідегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 538
Алматы қаласы - 628
Шымкент қаласы - 182
Ақмола облысы - 69
Ақтөбе облысы - 136
Алматы облысы - 93
Атырау облысы - 11
Шығыс Қазақстан облысы - 34
Жамбыл облысы - 231
Батыс Қазақстан облысы - 81
Қарағанды облысы - 424
Қостанай облысы - 2
Қызылорда облысы - 64
Маңғыстау облысы - 38
Павлодар облысы - 104
Солтүстік Қазақстан облысы - 27
Түркістан облысы - 7
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 312 837.
Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте 2505 адамның коронавирусты жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болған еді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 355645.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың 21-ші күні Sputnik V вакцинасының екінші компонентін салдыра алмағандарына шағымданып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салудан бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер мұны еш қиындықсыз жасай алатынын алға тартты.
Одан бөлек, Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирус салдарынан адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы бір жарым-екі жылға қысқарып жатқанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912651-covid-19-songy-taulikte-dertten-zazylyp-uiine-ziberilgenderdin-sany-zariya-boldy/