Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Айтбаеваның әкесі: Үйленгісі келсе, зорлап, терезеден лақтыра ма

Опубликовано:

Әсел Айтбаева
Фото: Instagram / assel_ayt

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық бойжеткеннің ата-анасы бас прокуратураға арыз жазды. Айтбаевтар отбасы баласы мерт болғаннан бері туысқаны Мұрат Мейірбековті Грузияға депортациялай алмай жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Әсел Айтбаеваның әкесі қызы туралы жазылып-айтылып жатқан ақпараттарды жоққа шығарды. Бойжеткеннің ата-анасы бас прокуратураға бас сұқты. Олар күйеу баласы Мұрат Мейірбековті Грузияға экстрадициялауды сұрайды.

Айтбаевтардың Грузиядағы қорғаушысы да қылмыстық істегі басты кейіпкер Мұратты Грузияға алдырту үшін прокуратураға арызданбақ.

"Мен жәбірленуші тарап секілді Әселдің өзін-өзі өлтіргеніне сенбеймін. Оны – өлтірген. Қылмыстық іс "өзін-өзі өлтіру" емес, "өлтіру" бабы бойынша жүргізілуі тиіс. Егер тергеу Мұраттан жауап алмаса, мен өзім оның тергелуін талап етемін. Себебі, ол – істегі басты кейіпкер. Қызды Грузияға әкелді, марқұмның қалдырған айғағында оны зорлағаны айтылған", - дейді Айсұлу Айтбаеваның адвокаты Нино Андриашвили.

Грузиядағы телеарналар Мұрат Мейірбековтің суретін жарыса көрсетіп жатыр. Жасы 37-де. Бірінші некесінен қызы, екіншісінен ұлы бар. Қазір әйелінің аяғы ауыр. Ал Мұраттың енесі күйеу баласының кінәлі еместігін алға тартып отыр.

"Ол аудандық ішкі істер бөліміне барып, өзінің жауабын берді. Кінәлі деп айта алмаймын. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бәрі оны жеңгетайлықпен айналысқандай жауыз қылып, айтып, жазып жатыр. Ол - отбасылы азамат. Шынымды айтсам, қызға қайғырдым. Обал болды", - дейді Мұрат Мейірбековтің енесі.

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева 5-мамырда Тблилисидегі көпқабатты үйдің 9 қабатынан құлап көз жұмған. Марқұм сол кезде жалғыз жеңіл жейдеде болыпты. Дәл қазіргі күні Әселдің жұмбақ өліміне қатысы бар 57 жастағы Бесик Тордуа қамауда. Күдікті қызбен ара қатынасы тым жақын болғанын, тіпті үйленгісі келгенін және оны өлтірмегенін айтып ақталыпты. Оның сөзіне марқұмның ата-анасы сенбейді.

"Күдіктінің адвокаты олардың үйленгісі келгенін айтады. Ол – өтірік. Менің қызымның тұрмысқа шығу туралы ойы болған жоқ. "Жасың жетті, тұрмысқа шық" деген кезде де Әсел қарсылығын білдірген. Арманы ақша тауып, өз пәтерін алу еді. Егер үйленгісі келсе, ол зорлық көрсетіп, терезеден лақтырып жібере ме? Махаббат емес қой ол дегенің", - дейді Әсел Айтбаеваның әкесі Алтай Айтбаев.

Оқиғаның мән-жайын грузиндік полицейлер анықтап жатыр. Тергеуге маңызды айғақ ретінде Әселдің Бесикпен бір сағаттық сөйлескен аудиожазбасы пайдаланылуда. Ал соттың бірінші отырысы 23 маусымға жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Грузия прокуратурасы қазақстандық Әсел Айтбаеваны екі мәрте зорлау дерегі бойынша Қазақстан азаматына сырттай айып таққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912669-asel-aitbaevanyn-akesi-uilengisi-kelse-zorlap-terezeden-laqtyra-ma/

pixel