Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елімізде 2459 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2459 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 358 104-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 400

Алматы қаласы - 591

Шымкент қаласы - 101

Ақмола облысы - 149

Ақтөбе облысы - 89

Алматы облысы - 209

Атырау облысы - 75

Шығыс Қазақстан облысы - 93

Жамбыл облысы - 33

Батыс Қазақстан облысы - 114

Қарағанды облысы - 359

Қостанай облысы - 30

Қызылорда облысы - 34

Маңғыстау облысы - 65

Павлодар облысы - 72

Солтүстік Қазақстан облысы - 14

Түркістан облысы - 31

Еске салсақ, Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулының толық мәтінін Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жария етті.

Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 16 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша ұзартылатын болды.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті.

15 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідегідей: "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары. "Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912702-otken-taulikte-elimizde-2459-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel