Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Айтпаеваның ici: полиция күдiктiнi ұстады

Опубликовано:

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

Әсел Айтпаеваның ici бойынша полиция күдiктiнi ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы Әсел Айтпаеваның ата-анасының М. Мейрбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады.

Ауыр қылмыс жасады деген күдiкке ілінген М. Мейірбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінiң уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу әрекеттерi жүргізiлуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Тбилисидегі үйлердің бірінің терезесі маңынан өлі күйінде табылған еді.

Кейінірек Грузияның 57 жастағы азаматы қамауға алынды. Елдің бас прокуратурасы оған қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген айып таққан. Егер оның кінәсі дәлелденсе, онда ол алдағы 10 жылын колонияда өткізуі мүмкін.

Желіде марқұм мен күдіктінің арасындағы сөйлесудің жазбасы пайда болды. Жазбада ер адамның қызға қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын естуге болады.

Дегенмен күдіктінің қорғаушысы бұл айыптаулармен келіспейтінін айтып, мәлімдеме жасады. Адвокат Лаша Шукакидзенің сөзінше, күдікті марқұммен жақсы қарым-қатынаста болған. Тіпті ол екеуінің үйленбек болғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912707-asel-aitpaevanyn-ici-policiya-kudiktini-ustady/

pixel