Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта 10 күн бұрын жоғалып кеткен ана мен 5 жасар ұлы табылды

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Балқашта 6 мамырда ұлымен бірге жоғалып кеткен 27 жастағы келіншек табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балқаш қаласының полициясы 27 жастағы Венера Исенбаева мен оның 5 жасар ұлының қайда екенін анықтады. Әйел мен бала аман-есен табылды. Осы уақытқа дейін олардың қайда болғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Балқаш қаласының бір апта бұрын жоғалып кеткен тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған баласы табылды. Олардың қазіргі жағдайы жақсы", – деп хабарлады Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, жергілікті полиция бөліміне 27 жастағы Венера Исенбаева мен 5 жасар ұлының жоғалғаны туралы 13 мамыр күні хабарланған. Құқық қорғау органдарына Балқаш тұрғынының әпкесі жүгінген.

Әпкесінің айтуынша, әйел 5 жасар баласын балабақшадан алып кету үшін 6 мамырда үйден шығып кеткен, бірақ қайта оралмаған. Онымен бірге бала да із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Сонымен қатар, Таразда жоғалған жасөспірім қызды Жамбыл гарнизонының бүкіл жеке құрамы іздеп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Жасөспірім қыздың жоғалғаны туралы полицияға анасы хабар берген. Қызы отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, сол беті қайтып оралмаған.

Бұған дейін Петропавлда жұмысынан шыққан ер адам із-түзсіз жоғалып кеткені туралы да жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912736-balqasta-10-kun-buryn-zogalyp-ketken-ana-men-5-zasar-uly-tabyldy/

pixel