RU

Оралда септикке түсіп кеткен үш жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бала септикке түсіп кеткен болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жайтқа қатысты бірқатар ақпаратты жария етті.

Бала күтушінің сөзіне қарағанда, аулаға шыққан бала септикке түсіп кеткен. Оны сол тұстан өтіп бара жатқан ер адамдар шығарып алыпты.

"Баланың тыныс алу жолы бұзылып, тоқтаған. Аузына жасанды тыныс беру жасалып, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Баланы бөлімше меңгерушісі хирург, кезекші реаниматолог және нейрохирургпен бірге қарап, медициналық көмек көрсетілген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан реаниматологы мен хирургы шақыртылған. Шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған баланың жағдайы ауыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмғанын, қаза тапқандар арасында екі бала барын жазған едік.

Одан бөлек, Ақтөбеде екі бала суға батып кеткенін жазған болатынбыз. Ведомство мәліметінше, суға батып кеткендер бір отбасының балалары емес. Қазіргі уақытта балалардың ата-анасыз қалай суға барғаны анықталуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 5 адам суға батып кеткені белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912775-oralda-septikke-tusip-ketken-us-zasar-bala-zansaqtau-boliminde-zatyr/