Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда COVID-19-дан тәулік ішінде жазылып шыққандар саны жарияланды

Опубликовано:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 1738 адам коронавирус індетінен емделіп шықты деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Өңірлер бойынша жазылғандар саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 367

Алматы қаласы - 467

Ақтөбе облысы - 73

Алматы облысы - 299

Атырау облысы - 77

Шығыс Қазақстан облысы - 76

Жамбыл облысы - 57

Батыс Қазақстан облысы - 20

Қарағанды облысы - 236

Қызылорда облысы - 4

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 41

Солтүстік Қазақстан облысы - 7

Түркістан облысы - 12

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 360 193 адамда анықталса, соның ішінде жазылып шыққаны – 317 741 науқас.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша ресми мәліметтер жария болғанын жазған едік. Елімізде өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-сынама арқылы расталған.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің 16 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы және Ақтөбе облыстары "қызыл" аймаққа енгенін жазған болатынбыз.

Атап айтқанда: "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары тұр. Ал "сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймаққа Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары жайғасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912780-qazaqstanda-covid-19-dan-taulik-isinde-zazylyp-syqqandardyn-sany-zariyalandy/

pixel