Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: "Қызыл" аймақтағы өңірлер саны артты

Опубликовано:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа енді.

Коронавирустың таралуына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары енген.

Ал "сары" аймақта Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары тұр.

"Жасыл" аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары жайғасқан.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша ресми мәліметтер жария болғанын жазған едік. Елімізде өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-сынама арқылы расталған.

Одан бөлек, елімізде өткен тәулікте 1738 адам коронавирус індетінен емделіп шыққаны белгілі болып отыр.

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 360 193 адамда анықталса, соның ішінде жазылып шыққаны – 317 741 науқас.

Сонымен қатар, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойғанын жазған болатынбыз.

Жаңа қаулыда соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барып-қайтқан адамдар 14 күн бойы үйде оқшауланатыны (үй карантинінде болатыны) атап көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912812-covid-19-qyzyl-aimaqtagy-onirler-sany-artty/

pixel