Соңғы тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан неше адам көз жұмды
Опубликовано:

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өз Telegram-каналында COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі ұсынды. Оған сәйкес соңғы тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттану бойынша 6 жағдай өліммен аяқталған.
2021 жылғы 16 мамырдағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттану бойынша 20 жаңа жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 83 адам жазылып шыққан.
Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны – 54 152-ге жетіп, 860 адам көз жұмған, барлығы 52 783 адам дерттен сауығып шықты.
Еске салсақ, бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа енгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша ресми мәліметтер жария болғанын жазған едік. Елімізде өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-сынама арқылы расталған.
Одан бөлек, елімізде өткен тәулікте 1738 адам коронавирус індетінен емделіп шыққаны белгілі болып отыр.
Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 360 193 адамда анықталса, соның ішінде жазылып шыққаны – 317 741 науқас.
Сонымен қатар, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойғанын жазған болатынбыз.
Жаңа қаулыда соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барып-қайтқан адамдар 14 күн бойы үйде оқшауланатыны (үй карантинінде болатыны) атап көрсетілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912816-songy-taulikte-covid-19-belgileri-bar-pnevmoniyadan-nese-adam-koz-zumdy/