Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: arnapress.kz

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан оралдық полицей Мержан Бисенғалиев қаза тапты. Қайғылы жағдайды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"2021 жылдың 16 мамырында, яғни демалыс күні "Орал-Тасқала" тас жолында қайғылы оқиға орын алды. Әріптесіміз, Орал қалалық полиция басқармасының қызметкері - полиция майоры Мержан Қуанышұлы Бисенгалиев өзінің "Шевроле-Кобальт" маркалы жеке көлігімен Тасқа ауданының Айнабұлақ ауылына жақын жерде кюветке аударылып кеткен. Көлікте жалғыз болған екен, өкінішке қарай алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - деді Болатбек Белгібеков.

Аталған жағдай Тасқала аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

​Марқұмның артында отбасы, кішкентай қызы қалды. Мержан ішкі істер органдарына 2002 жылы жұмысқа орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі жол апатына ұшырап, екі адам мен 40 жылқы өртеніп кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912824-bqo-da-zol-apatynan-policiya-qyzmetkeri-qaza-tapty/

pixel