Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінің ғимаратында ЛГБТ туы пайда болды

Опубликовано:

Фото
Фото: U.S. Embassy in Kazakhstan

Елордалықтар Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ғимаратында пайда болған ЛГБТ туын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілердегі түрлі топтарда 16 мамыр күні кешкісін ЛГБТ туы ілініп тұрған ғимараттың суреті тарады. Бұны көрген қазақстандықтар таңданысын жасыра алмаған.

Бірінші тарап АҚШ елшілігінің әрекеті орынсыз екенін алға тартса, екіншілері бұны "үйреншікті жағдай" деп бағалаған.

Пікір білдіргендердің арасында ашуға булыққандар да кездесті.

Көптің талқысына түскен "туға" қатысты АҚШ елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында түсініктеме беруді ұмытқан жоқ.

"Бүгін біз жыл сайын гомофобияға, бифобияға және трансфобияға қарсы халықаралық күнді (IDAHOBiT) атап өтеміз", - деп мәлімдеді елшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912829-nur-sultandagy-aqs-elsiliginin-gimaratynda-lgbt-tuy-paida-boldy/

pixel