Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су емес, сор": ШҚО-да дәретханаға ұқсайтын құдық елдің ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары бюджет қаржысынан салынған құдықтың сапасы сын көтермейтініне ашулы. Бар-жоғы 8 минут ағып, кейін тоқтап қалатын құдықтың сырт кейпі де өзгеше. Тұрғындар оүы, тіпті, дәретханаға ұқсайды дейді. Бұл туралы altaynews.kz хабарлайды.

Басылымға құдық жайлы бейнежазба жолдаған ауыл тұрғындары оның бюджеттің 6 миллион теңгеге салынғанын да жасырмаған. Сондай-ақ, олар құдықтың тереңдегі құжат бойынша 50 метр болғанымен, шындығында 37 метрді құрайтынын атап өткен.

"Салған түрлері мынау. 5 миллион 600 мың теңге жұмсалған. Айтарға сөз жоқ. Камерадан көре алмайсыздар, бірақ су сап-сары. 9 минуттан кейін бұл су да таусылады. 9 минут таза су болса, түк емес іші береміз ғой, су емес, кәдімгі сор, тұз",-деп шағымданған видеода ауыл тұрғыны.

Басылымның мәліметінше, аталған видео желіге жүктеліп, оқырмандардың қызу талқысына түскен.

"Антикор, парасат жолы деп ашып жатыр, солар не істейді?», «5 млн емес 25-30 мыңға салынған сияқты ғой мынау», «1 метрі 18-20 мыңнан болса, Бурабайда құдық қазатындардікі, сонда 700 мыңға қазып салсын делік, су моторын 500 мыңға сатып алды делік, барлық шығынға 2500000 кетсін делік, қалған ақша қайда???Әкімнің қалтасында кетті», «5 миллион емес тегін салған ғой мынаны, дәретхана секілді", - деп жазған олар.

Су тапшылығы мәселесі аудандағы Қойтас ауылында да бар көрінеді. Олар аталған елдімекенде "Ақбұлақ" бағдарламасымен құдық тартылғанымен, онда су сол күйі шықпағанын мәлім еткен. Бүгінде аталған мәселе бойынша Күршім ауданы әкімдігі түсініктеме берген.

"Егіндібұлақтағы орнатылған құдық суының үздіксіз берілмеуі және судың сапасы туралы айтылған шағым бойынша мердігер «Теректі» КММ директоры А.Иқамбаев ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың мамыр айының 15-іне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтіріледі", - дейді әкімдіктегілер.

Десе де тұрғындар жергілікті әкімдіктің бұл сөзіне сенбейміз дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912853-su-emes-sor-sqo-da-daretxanaga-uqsaityn-qudyq-eldin-asuyna-tidi-video/

pixel