Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сауда орталығының жанынан ер адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Алматыдағы "Апорт" сауда, ойын-сауық орталығының маңынан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдарын Наурызбай аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

"Қайтыс болған ер адамның кім екені белгілі болды. Ол 49 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктіні анықтау бойынша жедел шаралар кешені қабылданды" , - деп хабарлады полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912857-almatyda-sauda-ortalygynyn-zanynan-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel