Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізімі жасалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ішкі істер министрлігі білім және ғылым министрлігімен бірге мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізімін жасап шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев онлайн брифингте айтты.

Оның сөзінше, тізім осы жылдың басында жасалды. Ал оған қатысты бұйрық әділет министрлігіне жіберілген болатын. Осы құжатты тіркеуге алу қажет. 

Баймұқашев бұйрық осы айда заңды күшіне енетінін жеткізді.

"Ал мектепке әкелуге тыйым салынған заттардың санатына қару-жарақ, пышақ, айырсадақ, кастет және тағы сол сияқты заттар кіреді. Сонымен қатар, жарылғыш құралдарына ұқсайтын затты, аэрозоль бояуын, пиротехникалық зат пен газ баллоншасын білім беру мекемесіне әкелуге тыйым салынған", - деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

Одан бөлек, Баймұқашев білім беру ұйымдарының көбі лаңкестік жағынан осал нысандардың қатарына жатқызылғанын да жеткізді. Осыған орай, үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды. Онда лаңкестікке қарсы қорғанысты ұйымдастыру бойынша жаңа талаптар бекітіліп отыр. Бұрын осы талаптар ұсыныс ретінде ғана таратылып тұрған. Ендігі кезекте міндетті шара болып саналады. Олар: бейнебақылау жүйесі, ұжым мен келушілерді құлақтандыру құралдары, дабыл түймешегі, рұқсатпен кіру жүйесі, арнайы күзет.

Осы талаптардың барлығы міндетті түрде орындалуы шарт, деді комитет басшысы.

Айта кетейік, бүгінде республика бойынша 408 мектепте арнайы күзет бар. Бірақ осы білім беру нысандарының барлығы ірі қалаларда орналасқан. Бұдан бөлек, 1 000-нан астам мектеп дабыл жүйесіне қосылса, 333 мектепте турникет орнатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912871-mektepke-alyp-keluge-tyiym-salyngan-zattardyn-tizimi-zasaldy/

pixel