Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жеңіл көлік қос жүк көлік арасында қысылып қалды (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: instagram.com/taldykorganec.7282

Бүгін, 17 мамырда Алматы облысында жол апаты болды. Mazda 626 көлігін қос жүк көлігі екі жақтан қысып қалған. Облыстық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген фотосуреттер әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрлардан қос жүк көлігінің арасына қысылып қалған Mazda 626 көлігін көруге болады.

Апат Көкөзек ауылының маңында болғаны нақтыланды.

"Алматы облысында ауыр апат болды. Автокөлік үлкен жүк көліктердің арасында мыжылып қалды", – делінген хабарламада.

Алматы облысының полиция департаменті жол апаты бүгін сағат 10.00 шамасында Қарасай ауданында Жібек жолы-Елтай-Боралдай тас жолында болғанын растады. Жеңіл автокөлікте 25 жастағы жүргізуші болған.

"Алдын ала болжам бойынша, Hualing жүк көлігінің жүргізушісі кептеліс кезінде қашықтықты сақтамай, Mazda 626 автокөлігімен соқтығысқан, қатты соққыдан жеңіл автокөлік Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Mazda жүргізушісі жарақат алып, жақын ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл жерде апат фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылды.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында жол апатынан оралдық полицей Мержан Бисенғалиев қаза тапқанын жазған едік. Қайғылы жағдайды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912876-almaty-oblysynda-zenil-kolik-qos-furanyn-arasynda-qysylyp-qaldy-foto/

pixel