Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда көршісінен таяқ жеген қоғам белсендісі көз жұмды

Опубликовано:

Олег Гарницкий
Олег Гарницкий. Фото: vk.com

Қарағанды қаласында қоғам белсендісі Олег Гарницкий көз жұмды. Сәуір айында оны сенбілік кезінде ұрып тастаған болатын. Содан бері қала тұрғыны жансақтау бөлімінде жатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Гарницкийдің көз жұмғанын растап отыр. Ал полиция департаменті күдіктінің қолға түскенін хабарлады. Ол абайсызда адам өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айыпталып отыр. Қоғам белсендісі жансақтау бөлімінде дүние салды.

Новый вестник басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сәуір айында қоғам белсендісі Олег Гарницкий сенбілік ұйымдастырған. Ол көшет сатып алып, үйдің алдында отырғызуды жоспарлады.

Сенбілік кезінде бір жасөспірім қолын кесіп алған соң, оның әкесі жанжал шығарып, Гарницкийді соққыға жыққан. 18 сәуірде қоғам белсендісі жансақтау бөліміне түскен.

Сол уақытта Астана телеарнасы сюжет түсіріп, куәгерлерден сұхбат алған болатын. Олардың айтуынша, ер адам Гарницкийді іштен тепкен. Ол құлап, басын асфальтқа соғыпты.

Полиция бастапқы кезде Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Ауырлығы орташа жағдайда денсаулыққа қасақана зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Ал қоғам белсендісі көз жұмғаннан кейін оны 106-бапқа (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда адам өліміне әкеліп соққан әрекет) ауыстырды. Ал бұл бапта кінәліге 8 жылдан 12 жылға дейін жаза қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912923-qaragandyda-korsisinen-tayaq-zegen-qogam-belsendisi-koz-zumdy/

pixel