Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында үш жасар қыз бала жолда келе жатып көліктен құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Instagram/kris_p_kz

Әлеуметтік желіде кішкентай қыз баланың жүріп келе жатқан көліктен құлаған сәті бейнеленген видео тарап жатыр. Бұл жағдайға қатысты полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_kz тобында жарияланды.

Видео кадрынан жолдың ортасында солға бұрылған көліктен шамамен 3-4 жастағы қыз баланың құлап кеткенін байқау қиын емес.

Сонымен қатар, рөлде отырған әйел көлікті тоқтатып, жүгіріп сыртқа шығады және баланы бауырына басады.

Келеңсіз жағдайға Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін, 17 мамырда, таңғы сағат 10 шамасында Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында болған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары көліктің жүргізушісі - 32 жастағы әйелді, көліктен құлап кеткен 3 жасар қыздың анасын анықтады.

Бала бұл кезде алдыңғы жолаушылар орындығында отырған. Бақытымызға орай, қыз зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция дерегінше, Hyundai Elantra жүргізушісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 593-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912928-almaty-oblysynda-us-zasar-qyz-bala-zolda-kele-zatyp-kolikten-qulap-ketti-video/

pixel