Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбыр қала 65
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады деп жазады "Қазгидромет" РМК ресми сайты.

Апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады.

20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12 жылыға дейін, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 жылыға дейін төмендейді.

Республика бойынша жекелеген аудандарда желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Одан бөлек, синоптиктер мамыр айына арналған ауа райын болжамын ұсынған болатын.

"Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде күн жылынып, солтүстік аймақтарда нағыз жазғы ыстық күн райы келеді, күндіз күн +25+33 градусқа дейін, ал оңтүстікте - +30+38 градусқа дейін ысиды", – дейді синоптиктер.

Қазақстанда мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге ауысады. Мамыр айына қарай еліміздің солтүстігі мен оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы, тау маңындағы аймақтарда жауын-шашын көбейеді. Мамыр айында күн жылынған соң, қайта салқын түсуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912935-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel