Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі барлық мектепте арнайы күзет пайда болады

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: Ақорда

Еліміздегі білім беретін ұйымдарда қауіпсіздік барынша күшейтіледі. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елдегі барлық мектепте арнайы күзет пайда болады деп хабарлайды КТК арнасы.

Үкіметтің мұндай шарасына ата-аналар бір тиын шығармайтыны, қажет қаржы бюджеттен бөлінетіні белгілі болып отыр.

Мектептердегі қауіпсіздікті күшейтуге шенеуніктер Татарстандағы оқиғаға дейін кіріскен екен. Тіпті үкіметтің қаулысы атыс болған күнге дейін шығыпты. Сол құжаттың негізінде полицейлер еліміздегі мектептердің лаңкестік әрекетке дайындығын тексеріп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін елдегі оқу орындары қалтасына қарай көсіліп келген. Қауіпсіздік құрылғылары жоқ мектептер де бар.

Енді оқу орындары бейнебақылау камералары, дабыл түймешегі, рұқсатпен кіру жүйесі және арнайы күзетпен қамтылатын болады.

Министрлер кабинеті мектепке әкелуге тыйым салатын заттардың тізімін де жасап қойыпты.

"Мектепке әкелуге тыйым салатын заттардың санатына қару-жарақ, пышақ, айырсадақ, кастет және соған ұқсас заттар кіреді. Жарылғыш құралдарына ұқсайтын затты, аэрозоль бояуын, пиротехникалық зат пен газ баллоншасын білім беру мекемесіне әкелуге тыйым салынған. Тізім жылдың басында жасалды. Ал оған қатысты бұйрық әділет министрлігіне жіберілген. Осы құжатты тіркеуге алу қажет", - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912956-elimizdegi-barlyq-mektepte-arnaiy-kuzet-paida-bolady/

pixel