Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Удай қымбат": ШҚО жүргізушілері жанармай бекетінде сағаттап кезекте тұруға мәжбүр (фото)

Опубликовано:

бензин
Фото: NUR.KZ

Облыс орталығынан шалғай орналасқан Үржар ауданының тұрғындары жанармай бағасының тым қымбат екенін айтып дабыл қақты. Аудан орталығында бағасы қолжетімді жалғыз жанармай бекеті бар. Онда сағаттап кезекке тұрып, уақыт жоғалтатын жүргізушілер әбден шаршағандарын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аудан орталығы Үржар ауылында 2020 жылы ғана бағасы салыстырмалы түрде тұрақты "Қазмұнайгаз" жанармай бекеті ашылды. Тұрғындардың сөзінше, аталған желілік жанармай бекеті ашылған тұста ауылдағы жекеменшік бекеттер бензин бағасын сәл арзандатқан. Алайда көп ұзамай жанармайды қайта қымбатқа сата бастапты.

Қазір АИ 92 маркалы бензин "Қазмұнайгаз" бекетінде 174 теңгеге, ал жекеменшік бекеттер 210 теңгеге саудалануда.

Жанболат есімді көлік жүргізушісі аудан орталығы Үржардағы жанармай бағасының қымбаттығынан Қазмұнайгазда сарғайып кезек күтетінін айтты.

Жүргізуші
Фото: NUR.KZ

"Басқа жерде бензин удай қымбат, 1000 теңгеге бес литр де құя алмайсың, амалсыз кезек күтемін. Бұл қолдан жасалып отыр ғой. Мына жанармай бекет былтыр ашылып абырой болды. Осыған да шүкір етіп жүрміз", - дейді жүргізуші.

бензин
Фото: NUR.KZ

Осылайша, күніне жарты сағаттан артық уақыты бензинге кететін ауыл тұрғындары оны айналып өтудің жолын тапқан. Көлік жүргізушілер өздерімен канистр әкеліп, оны лықа толтырып әкетеді екен.

Шалғай аудан тұрғындары бензиннің 205-210 теңге аралығында сатылып жатқанына наразы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913001-udai-qymbat-sqo-zurgizusileri-zanarmai-beketinde-sagattap-kezekte-turuga-mazbur-foto/

pixel