Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үйден шыққан өртті ауыздықтауға 70-тен астам адам жұмылдырылды (фото, видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Кеше түнде Алматыдағы Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққан. Қызыл жалынды құрықтауға өрт сөндіру қызметінің 74 қызметкері қатысты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 17 мамырда 22 сағат 44 минутта ТЖД күштерi мен құралдары Түрксiб ауданы Спасская көшесi 63 мекенжайына шақыртудың жоғары дәрежесiмен жiберiлдi.

Өрт сөндipушiлер келгенде 3 қабатты тұрғын үйдiң балконы шатырға тарап 300 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатты. 3-қабатта орналасқан барлық пәтерлерге қызыл жалынның таралу қаупi туындады.

Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi, aвтоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Газ-түтiннен қорғау қызметiмен пәтерде адамдардың бар-жоғына барлау жүргiзiлiп, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде жетеуі - балалар.

Қабылданған шаралармен өрт 37 минутта оқшауланып, 23 сағат 56 минутта толықтай жойылды.

ТЖД хабарлағандай, өрттi cөндiруге жеке құрамнан 74 адам және 21 бipлiк техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Instagram-да төтенше жағдай департаменті оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады.

Еске салсақ, 16 мамыр күні таңғы сағат 05.52-де Алматы қаласы "Қарасу" шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.

ТЖД күштері оқиға орнына бірден жіберілді. Өрт шыққан жерге барған кезде үш қабатты ғимараттың жертөлесі жанып жатқаны анықталды. Нәтижесінде жеті адам құтқарылып, оларға жедел түрде ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы медициналық-психологиялық көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1913032-almatyda-kopqabatty-uiden-syqqan-ortti-auyzdyqtauga-70-ten-astam-adam-zumyldyryldy-foto-video/

pixel