RU

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 163 миллионнан асты

Аурухана
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 163 миллионнан асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлем елдерінде коронавирус 163 млн 359 мың 299 адамнан расталып шықты.

Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 385 мың 075 науқасты құрады.

Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия орналасқан.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1837 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, елімізде 2500 адам кеше қауіпті індетті еңсеріп, ауруханадан шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913035-alem-boiynsa-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-163-millionnan-asty/