Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаптап өлтірген": Алматыда мәйіті табылған азаматтың кім екені анықталды

Опубликовано:

Оқиға орны
Кадр: "Еуразия" бірінші арнасы

Алматыда жаңадан салынып жатқан Nurly Dala тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның кім екені белгілі болды деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Полицейлер ер адамның өз ажалымен өмірден озбағанына сенімді. Себебі, оқиға орнынан қанның іздерін байқалыпты.

Куәгерлер Ташкент тас жолының бойындағы құрылыс нысанының жанында белгісіз адамның мүрдесі жатқанын байқап, бірден полицейлерге хабар беріпті. Бастапқыда марқұм құрылысшы емес пе екен деген де болжам айтылыпты. Алайда, нысанды салып жатқан компания өкілдері марқұмды танымайтындарын жеткізді.

Оқиға орнына бірден полицейлер мен жедел жәрдем жеткен. Тексеру барысында марқұмның ауыр жарақат алғаны белгілі болды. Ешқандай құнды заттары жоғалмаған. Қалтасындағы ұлялы телефоны мен ақшасына тиіспеген екен. Ал жедел жәрдем дәрігерлері бас-ми жарақатынан көз жұмған деген қортынды жасаған.

"Азаптап өлтірілгені анық болды. Бас жарақаты бар. Қазіргі таңда адам өлімінің нақты себеп-салдарын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл азаматтың аты-жөні бірден анық болды. Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны болып шықты. 1972 жылы туылған. Алматыда жұмыс істейді екен", - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазіргі таңда адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолға түскеннен кейін қылмыстың қандай мақсатпен жасалғаны белгілі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1913038-azaptap-oltirgen-almatyda-maiiti-tabylgan-azamattyn-kim-ekeni-anyqtaldy/

pixel