Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Стилім сондай": Шымкентте базарға футболкамен барған полицей жұрттың ашуын келтірді (видео)

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Спутник Қазақстан

Шымкентте полиция қызметкерінің базарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге футболкамен келгені көптің наразылығын тудырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, оқиға Еңбекші ауданындағы базарлардың бірінде орын алған.

Ол жерге екі тәртіп сақшысы барған. Бірінің үстінде құқық қорғау орғандарының арнайы формасы болған. Ал екіншісі полицияның арнайы шалбары мен Louis Vuitton деп жазылған футболка киіп алған.

Сол маңға жиналған қала тұрғындары қызметтік формасын кимеген тәртіп сақшысын видеоға түсірген.

Әлеуметтік желіде тараған ролик кадрынан шымкенттіктердің наразылығына полиция қызметкері "стилім сондай" деп жауап беріп, тұрғындармен сөзге келгенін байқау қиын емес.

Аталған видеоға Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме беруді ұмытқан жоқ.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшыларына қатысты қызметтік тексеру жүргізілген.

"Аталған жайт бойынша Шымкент қаласының полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру барысында учаскелік полиция инспекторының бейнежазбада көрсетілген аумақтың маңында тұратыны анықталды. Ол үйінен нысанды киім кию ережесін сақтамай шығып, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың алдын алу бойынша сатушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрған әріптесіне келген", - делінген хабарламада.

Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша екі полиция қызметкерінің әрқайсысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913112-stilim-sondai-symkentte-bazarga-futbolkamen-bargan-policei-zurttyn-asuyn-keltirdi-video/

pixel