Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызметкер 43 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Қапшағайдың есеп айырысу орталығының басшысы 43 миллион теңге жымқырды деген күдікпен қолға түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік қызметкер тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге арналған қаражатты ұрлады деп айыпталып отыр. Бұл жылумен қамту, сумен қамту, ғимараттың жай-күйіне жұмсалатын шығындар. Соның салдарынан мемлекетке 43 миллион теңге шығын келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, ірі мөлшерде айыппұл немесе түзеу жұмыстары, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913139-memlekettik-qyzmetker-43-mln-tenge-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel