RU

Әсел Айтпаеваны зорлады деп күдіктелген қазақстандық 10 тәулікке қамауға алынды

Әсел Айтбаева
Фото: Instagram / assel_ayt

Тбилисиде 26 жастағы Әсел Айтпаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Нұр-Сұлтан қаласында қамауға алынды. Бұл туралы елордалық соттың ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, қазақстандық полицейлер Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ата-анасының Бас прокуратураға жазған арызынан соң бойжеткенді шетелге жұмысқа шақырған туысы Мұрат Мейірбековті "Адам саудасы" бабымен қамауға алған болатын.

Сот полицияның дәлелдерімен келісіп, қамауға алу түріндегі таңдалған алдын-алу шарасын санкциялағаны туралы мәлім етті.

"2021 жылы 18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Нұр-Сұлтан қаласы полиция бөлімінің тергеу бөлімінің таңдалған бұлтартпау шарасын санкциялау түріндегі өтінішін қарады. Сот келтірілген дәлелдермен келісіп, М.-ны 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы шешім шығарды", - делінген сот хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Тбилисидегі үйлердің бірінің терезесі маңынан өлі күйінде табылған еді.

Кейінірек Грузияның 57 жастағы азаматы қамауға алынды. Елдің бас прокуратурасы оған қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген айып таққан. Егер оның кінәсі дәлелденсе, онда ол алдағы 10 жылын колонияда өткізуі мүмкін.

Желіде марқұм мен күдіктінің арасындағы сөйлесудің жазбасы пайда болды. Жазбада ер адамның қызға қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын естуге болады.

Дегенмен күдіктінің қорғаушысы бұл айыптаулармен келіспейтінін айтып, мәлімдеме жасады. Адвокат Лаша Шукакидзенің сөзінше, күдікті марқұммен жақсы қарым-қатынаста болған. Тіпті ол екеуінің үйленбек болғанын да айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913147-asel-aitpaevanyn-olimi-marqumdy-zorlady-dep-kudiktelgen-qazaqstandyq-10-taulikke-qamaldy/